1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
ФСМС ОБЕСПЕЧИВАЕТ СТАБИЛЬНОЕ ФИНАНСИРОВАНИЕ СИСТЕМЫ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
ӘМСҚ денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда. Премьер-Министрдің 2026 жылғы 16 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің басқаруына берілді.

Қорда атап өткендей, аталған ұйымдастырушылық өзгерістер операциялық қызметке әсер етпеді: жұмыс штаттық режимде жүргізілуде, медициналық ұйымдар алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде орындалуда.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында медициналық көмекті қаржыландыру тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Пациенттер үшін медициналық қызметтердің шектелуі немесе қолжетімсіздігіне қатысты тәуекелдер жоқ.

Медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында келісімшарттардың жылдық сомасының 20%-ына дейін алдын ала төлем (аванс) жасалды. Бұл қызмет көрсетушілерге жұмысты жоспарлы түрде ұйымдастыруға және халыққа медициналық көмекті үздіксіз көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Қорда ағымдағы жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу қорытындыларын жариялады. Атап айтқанда, 2026 жылы медициналық көмекті сатып алуға 2 679,7 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде:
• 1 316 млрд теңге – ТМККК аясында;
• 1 363,7 млрд теңге – МӘМС жүйесінде.

Биыл халыққа 1859 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1757 мекеме МӘМС аясында қызмет көрсетуші болып табылады. Аталған ұйымдардың:
• 608-і – мемлекеттік;
• 1 149-ы – жекеменшік ұйымдар.

Бұл мемлекеттік емес сектордың белсенді қатысуын және бәсекелестік ортаның нығаюын айғақтайды және өз кезегінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының артуына ықпал етеді.

Қорда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, төлем тек нақты көрсетілген медициналық қызметтер үшін жүргізілетінін еске салады. Яғни, төлем дәрігер қабылдауы, консультация, зерттеулер, диагностика немесе ауруханаға жатқызу секілді нақты көрсетілген қызметтер үшін ғана жасалады. Пациенттің нақты қатысуынсыз қызметтерді рәсімдеу көзделмеген және оған жол берілмейді.

«МӘМС жүйесіндегі әр теңге мақсатты түрде жұмсалады. Қор тек медициналық көмектің расталған жағдайларына ғана төлем жүргізеді. Бұл – ашықтық пен қаржылық тәртіпті қамтамасыз етудегі біздің қағидатты ұстанымымыз», – деп атап өтті ӘМСҚ Басқарма төрағасы Гүлмира Сәбденбек.

Қор қаражаттың тиімді әрі ашық пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмысын күшейтуде. 2025 жыл бойынша өңірлердегі деректерге егжей-тегжейлі талдау жүргізілуде. Қате көрсетілген және төленген қызметтер анықталған жағдайда заңнамада көзделген шаралар, соның ішінде есеп айырысуды түзету және қаражатты қайтару тетіктері қолданылады.

Сонымен бірге бақылау жұмысы тәуекелге негізделген тәсіл қағидаттары бойынша ұйымдастырылуда. Қор мониторингтің сараланған тәртібін қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) енгізуде. Келісімшарт міндеттемелерін тұрақты әрі адал орындайтын медициналық ұйымдар үшін әкімшілік жүктемесі азайтылған тексеру форматы қолданылады. Бұл бақылау ресурстарын тәуекелі жоғары аймақтарға бағыттауға және қаржылық тәртіп пен медициналық ұйымдардың тұрақты дамуында теңгерімді сақтауға мүмкіндік береді.

Заңбұзушылықтар анықталып, расталған жағдайда медициналық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға қаржылық түзетулер мен МӘМС жүйесіне қатысу шектеулерінен бастап, материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауға дейінгі заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады.

Қор сондай-ақ цифрлық тексеру құралдарын жетілдіру және мемлекеттік тіркеу жүйелерімен өзара іс-қимылды жақсарта отырып, медициналық қызметтер сапасын және қаражаттың дұрыс жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында алдын алу бақылауын күшейтуде.

ӘМСҚ-да атап өткендей, мұндай жағдайларды анықтау – МӘМС қаражатының ашық әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі бақылау жұмысы. Қор сақтандырылған азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады.
20.02.2026
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу